Ауданымызда тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тағы да қоныс тойы тойланды.
Махамбет, Ақтоғай, Жалғансай ауылының учаскелік полицейлеріне біріктірілген полиция бекеті мен тұрғын үй берілді.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Махамбет ауданында учаскелік полиция пункті ашылды.Бұл полиция қызметкерлеріне кез келген уақытта жұмыс орнынан табылуға мүмкіндік береді.
Тәртіп сақшыларына баспана кілтін табыстау сәтінде сөз алған аудан әкімі Ж.Ахметов:
-Тәртіп сақшыларына артылар жүк қашанда ауыр. Сондықтан да үкімет тарапынан полиция қызметкерлеріне үнемі қолдау көрсетіліп келеді. Учаскелік полицияға арнап салынған біріктірілген полиция пункті мен тұрғын үйді әдейі халық көп шоғырланған жерге салуды жөн көрдік. Енді тұрғындар кез келген уақытта осында келіп сауалдарына жауап ала алады ,– деді.
-Баспанаға ие болып, отбасымызбен қуанышқа бөленіп жатырмыз. Азды-көпті еңбегімізді елеп осындай мүмкіндік ұсынып отырған аудан әкіміне алғысымыз шексіз. Ел тыныштығы үшін аянбай еңбек етуге әзірміз ,– дейді учаскелік полицей Ахмедияр Бақтыгереев.
Жаңа нысан мен тұрғын-үйдің жалпы аумағы 171,8 шаршы метрді құрайды.
Бұған қоса учаскелік инспекторларға 4 су жаңа көлік пайдалануға берілді.
Б.СҮЙЕУОВА