ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ТАҒЗЫМ

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай аудан әкімдігі тыл ардагерлеріне айрықша құрмет көрсетті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, ауданымыздағы тыл ардагерлеріне «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік төсбелгісі мен аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаевтың құттықтау хаты табысталды.

Аудан әкімінің орынбасары Асхат Аймұратов Таңдай және Махамбет ауылдарында тұратын ардагерлер – Жантілеков Хамидолла, Балтабаева Ақсұлу, Бимағамбетова Ұлмекен және Карабалина Мухилаға арнайы барып, төсбелгі мен құттықтау хатты салтанатты түрде табыс етті.

 Ардагерлерге жылы лебізін білдіріп, еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан өлшеусіз үлестері үшін шынайы ризашылығын жеткізді.

Тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету – кейінгі ұрпақтың перзенттік парызы. Ардагерлеріміздің өнегелі жолы мәңгі жадымызда жаңғырып, ел жадында сақтала бермек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT