«Туған жер кім бар маған сенен артық, өйткені, сенде туып, сенен ұштық» деп ақын жырлағандай, қай қиырда жүрсе де өздерінің алтын ұя мектептерін естен шығармайтын түлектер араға ондаған жылдар салып, жыл құсындай сағындырып, атамекендеріне оралатын дәстүр бар.
Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінің 1982,1992 жылғы түлектері туған ауылын түлетіп, өркендету жолында өз үлестерін қосуды мақсат тұтып, құзырлы органдардан арнайы рұқсатын алып, ауылға кіре беріске жолдың бойына алыстан менмұндалап тұратын «Сарытоғай» деген ауыл атауы көрнекі әріптермен айшықталып жазылған логотивті орнатты.
Айналасын темір шардақтармен қоршап, ішіне орындықтар орнатылып, талдар егіліп, саябақ орнатылды.
Бұл ескерткіш белгі бұрыннан береке-бірлігі жарасқан сарытоғайлықтардың мерейлерін бір тасытып тастағандай. Жарайсыңдар, түлектер!
К.Сапарқызы