Бүгінде Атырау облысында ACQ, E-КСК, геопортал, E-Garden және т.б қосымшалар жұмыс жасайды. Олардың бірқатары туралы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтып өтті.
Қазіргі уақытта Атырау облысында халықпен мемлекеттік органдардың кері байланыс құралдары жұмыс істейді. Атап айтқанда, жергілікті тұрғындар арасында 2017 жылдың қыркүйегінде ашылған Атырау облысы әкімдігінің Telegram чат-каналы барлығына танымал. Бүгінгі таңда бұл жерде 5 мыңнан астам адам тіркелген.
Соңғы мониторинг және сараптама қорытындысы бойынша тұрғындардан 4000 сұраныс келіп түскен,- дейді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.- Біздің аудандық әкімдіктер облыстық әкімдікті үлгі ете отырып, Telegram қосымшасынан чат-каналдар ашты.
Мен бұл істі дұрыс деп есептеймін, мемлекеттік органдардың басшылары халықтың сұранысын үнемі қадағалауы және барлық өзекті мәселелер туралы дереу білуі керек. Бұл мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы - тұрғындармен өзара іс-қимыл жасау барынша тиімді болуы керек. Азаматтарды қабылдауының бірінде облыс әкіміне тұрғындардың бірі әлеуметтік мекеме басшыларының қабылдауында бола алмай жүргенін айтып шағымданғанда, Telegram қосымшасында тіркелуге кеңес берген.
-Сізді кім қабылдамайды? Бізге Telegram-ға жазыңыз. Мен өзім оны оқимын. Жазыңыз, сізді қабылдағысы келмеген адам сізге өзі шығатын болады. Каналда 4000 оқырман бар. Адамдар өз пікірлерін еркін білдіріп, сұрақтарын қоюда,- деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.
Бұл жаңалық БАҚ бетінде жария болғаннан кейін Telegram қосымшасындағы «Атырау облысы әкімдігінің» чат-каналына бір тәулік ішінде мыңға жуық адам тіркелді.
Сондай-ақ, 2018 жылы ««Атырау Цифрлық Қабылдау» (ACQ)» қосымшасы іске қосылды. Қазіргі таңда қосымшада 4 000 оқырман бар. Бүгінде тұрғындардан 1,5 мың сұраныс түскен.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың басшылары мен аудан әкімдері әлеуметтік желілерде, Атырау облысы әкімдігінің ресми парақшасында өз есептерін жұртшылыққа хабарлауға кірісті. Бұл тұрғындарға үйден шықпастан, онлайн түрде қызықты сұрақ қоюға және оған бірден жауап алуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, ақпанның басынан Facebook және Instagram әлеуметтік желілері арқылы аудан әкімдері, қалалық бөлімдер, облыстық басқарма басшыларымен 30-ға жуық тікелей эфир өткізілді. Осы уақыт ішінде 200 мыңнан астам тұрғын тікелей эфир арқылы қосылып, оларға екі мыңға жуық сұрақтар қойылды.
Толығырақ газетімізден оқи аласыздар