«Тұрмыс»: құқық бұзушылыққа жол жоқ!

Республика көлемінде криминогендік жағдайды сауықтыру, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы  құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың 15-22 ақпан күндері аралығында «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Шараның мақсаты - аудан көлемінде отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ескерту және алдын алу, қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларға қатысты қорғау нұсқамасын шығару, ерекше талап белгілеу, профилактикалық есепте тұратын адамдармен жұмыстар  ұйымдастыру, сондай-ақ, ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу болып табылады. 
«Тұрмыс» профилактикалық іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс бағытына көшіріліп, тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды, ІІО-ның профилактикалық есебінде тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеру және де аудан бойынша құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдар заңға қайшы іс-әрекеттер жасауға жол бермеу мақсатында жұмыстар жүргізілетін болады.
Егер де Сіз отбасындағы зорлық-зомбылыққа душар болсаңыз үнсіз қалмаңыз! Сіздер үшін арнайы сенім телефоны тәулік бойы кез-келген нөмірден тегін жұмыс жасайды. Сенім телефоны: «102» арнасы немесе «111».
Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT