Тренинг - жайлылық сыйлады

Жастар ресурстық орталығында Пробация есебіндегі қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандар арасында психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Оны «Бибі-саз» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Бибігүл Набиева өткізді.

Қатысушылар өздерінің арман-мақсаттары туралы әңгімеледі. Үш тілде жұмбақтар шешіп, ән сөздерінің айтылуын дәл таба білді. Логикалық есептер шығарып, ойларының жүйріктігін сынады. Сурет бойынша Сарыарқа, Ақтау, Ақтөбе, Ақмола, Алакөл, Көктөбе, Көктоғай, Қара теңіз сынды жер-су аттарын тапты. Химиялық атаулардан йод, су, бор, бром, рений, магнийді дәл тапса, гуманитарлық саладан тарихи аталымдардан Сұлтан Бейбарыс, Сарайшық, Кенесары хан, Отырар, Желтоқсан оқиғасы, Үйсін тайпасы, Исатай батыр, Ұлы Жібек жолы, Тараз, Ұлы Отан соғысын еске түсірді. Сондай-ақ қатысушылар эфизм сөздердің мәнін ашты. Мәселен, өтірік айту, үйлену, ақсақ, өсекші, екі қабат, саңырау, соқыр, мылқау, жынды сөздерінің баламаларын айтты.

Аудандық Пробация қызметі бөлімшесінің бастығы, әділет капитаны Нұргүл Ташекенова шараға әртүрлі жаза басқан тұлғалардың бір тобын әкелгенін, есепте тұрғандар ішінде отыздай жас барын, мұндай жағдайға түрлі кезде тап болғандарын, оларды өмірге қайта бейімдеу керектігін алға тартып, заң алдында бәрі бірдей екенін, көбі жұмыста болғандықтан қатыса алмағанын айтып, бірлестік жетекшісіне мазмұнды шара өткізгені үшін ризашылығын білдірді. Шараны «Бибі-саз» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Б.Набиева қорытындылап, барлық қатысушыларға алғысын айтты.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT