Тоғызқұмалақ ойыны дәріптелді

Жастар ресурстық орталығы ғимаратында ерте заманнан келе жатқан терең ойды талап ететін, халық даналығы қалдырған ежелгі ұлттық ойындардың бірі — тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды.

Шара аудандық Жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» Жастар қанатының Махамбет аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен өтті. Жарыс алдында Қ.Ахмедияров орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Е. Алтыбаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шараға 8 ойыншы қатысып, нәтижесінде Есенжан А.Алматқызы жүлделі I орынмен, бақсайлық Н. Мұқанов жүлделі II орынмен, Е. Бауыржанұлы жүлделі III орынмен марапатталып, А. Қонысқызы, С. Дүйсенова, А. Қуангерей, Е. Сәкенбай, А. Кұлмановалар "Алғыс хатқа" ие болды. Ойынға әділ төрешілік ете білген Махамбет аудандық жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақ бөлімінің жетекшісі, республикалық тоғызқұмалақ ойындарының жеңімпазы Г. Мәженоваға және осы жарыстың өтуіне ұсыныс тастап, түрткі болған, тоғызқұмалақ ұлттық ойынының жанашыры Қ. Айтқалиевқа алғысымызды білдіреміз.

Б.СЕГІЗБАЕВ,

аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521