Жыл сайын биік үйлердің терезелерінен құлап түскен балалар саны өсуде. Терезеден құлау- әсіресе қалалардағы балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Балалар өздерінің білімділігіне байланысты өте осал. Бұл туралы түрлі алуан жарақаттардан балалардың өлім-жітімінің жоғары деңгейі кәуаландырады. Жыл сайын терезеден құлап түскен кезде балалардың қаза болу жағдайлары тіркеледі! Әдетте, құлаудың барлық жағдайларына балалар өз бетімен терезеге шығып, тіреуіш ретінде жиһаздың әртүрлі заттарын қолдана отырып, масаға қарсы торға сүйеніп, терезеден онымен бірге құлап кетеді. Бұл ретте құлаудың басым көпшілігі ересектердің балалардың тәртібіне бақылаудың жеткіліксіздігінен, терезелерді жабуды ұмытып кетулері, терезелерде блокираторлардың немесе терезе тұтқаларының болмауы, балаларға өз бетінше терезелерге шығуға мүмкіндік беретін жиһаздың дұрыс орналаспауынан және жабық терезенің иллюзиясын жасайтын маса торларының болуы салдарынан болды.
Махамбет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі.