« Таза Қазақстан »: Экологиялық білім насихатталды

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ. ЖАСТАРДЫҢ ТАБИҒАТҚА ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТЫП, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМІН АРТТЫРУЫНА ЖОЛ АШАТЫН ТҮРЛІ ЖОБАЛАР ЕЛІМІЗДЕ ЖИІ ҚОЛҒА АЛЫНЫП ЖҮР. ОСЫНДАЙ ИГІ БАСТАМАЛАРДЫҢ БІРІ –  МАХАМБЕТ АУДАНЫНДА ӨТКЕН «ECO QUIZ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ.

Жастар арасында экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған ойынға барлығы 9 команда қатысып, экология, табиғатты қорғау және жалпы танымдық сұрақтарда өзара білім сайыстырды. Әрбір кезеңде командалар логикалық ойлау қабілеті мен жылдам жауап қайтару машығын көрсетті. 

Қорытындысында, бас жүлде – 75 000 теңге қаржылай сыйақыны «toQAIYP» командасы иеленді. Екінші орын мен 50 000 теңгелік сыйлыққа «Сахналықтар» командасы лайық деп танылса, үздік үштікті «67-километр» командасы түйіндеп, 25 000 теңгелік сертификатқа қол жеткізді. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ойын тек көңіл көтеру емес, сонымен бірге жастардың экологиялық білімін шыңдау, табиғатқа жанашырлықпен қарау дағдысын қалыптастыру мақсатын көздеді. Жобаны ұйымдастырған – «Жеті Жарғы» қоғамдық қоры, қолдаушысы – аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. 

«ECO QUIZ» сайысы арқылы жас ұрпақ табиғатты аялаудың маңызын тағы бір мәрте түсінді. Мұндай жобалардың жалғасы жастарды жауапкершілікке тәрбиелеп қана қоймай, ауданның да экологиялық мәдениетін арттыра түспек. 


Қ.БАҒЫТ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT