Татулық — табылмас бақыт

Береке орта мектебінде «Татулық-достықтың киелі бесігі» атты мерекелік шара ұйымдастырылған.

Апта бойы сыныптарда «Бірлік түбі-береке», «Бірлігі берік елдің берекесі мол», «Достық-татулықтың негізі» т.б. тақырыптарда сынып сағаттары өтіп, онда әр ұлттық киімімен шығып, сол тілде ән шырқап, би билеп, салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетті. Ауылдың түрлі ұлт өкілдерін кездесуге шақырып, сұхбаттасты. Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінде «Бейбітшілік бесігі» атты сазды бағдарламамен қатар «Достық әнін шырқайық!» салтанатты шеруі ұйымдастырылды. Сан ұлттың ұлттық киімдерін киіп, қолдарына жалауша, шарлар ұстап, ауыл көшелерімен жүріп өтті. Көтеріңкі көңіл-күймен «Бейбітшілік әнін қоса шырқады. Шеруден соң түрлі ұлттың тағамдарынан жәрмеңке ұйымдастырғаны да көкейге қонымды шықты. Жалғансай орта мектебінде «Татулығы мен бірлігі жарасқан Тәуелсіз Қазақстан» атты достық фестивалі ұйымдастырылыпты.

Әр ұлт слайд арқылы таныстырып, әні шырқалып, биі биленді. МАД тәрбиеленушілеріне арнап «Достығымыз жарасқан» атпен сынып сағаттары өткізілсе, 6-8 сынып оқушылары «Татулығы мен бірлігі жарасқан» тақырыбында шығарма жазды. Ал 1-6 сынып оқушылары «Біз бақытты баламыз» тақырыбында сурет салды. Кітапханашы Г.Отарова «Бірлік түбі-береке» кітап көрмесін көрсетті. «Шалқыма» мәденнет үйімен бірлескен шара да кең көлемде өтті. Оған ауыл тұрғындары да, оқушылар да белсене қатысты. Қ.Ахмедияров атындағы орта мектепте «Достығымыз жарасқан» сынып сағаттары, «Би билейміз дөңгелеп» би сайысы 5-10 сынып арасында ұйымдастырылды. Интернат тәрбиеленушілері арасында «Менің сүйікті досым» атты шара да өзектілігімен есте қалды. Ақтоғай орта мектебінде «Достығымыз жарасқан» мерекелік шара өткен. Әр сынып әр ұлттың әнін шырқап, биін билеп, салт-дәстүрінен көрініс көрсетіп, ұлттық тағамдарын дайындап, ұлттық ойындарын ойнады. Еліміздегі сан ұлттың киімін киіп, ән-жырын ортаға салды. Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінде мереке «Ұлт-ұлысқа ортақ үй-Қазақстан» өнер фестивалімен өрілді. Әр ұлттың киімінде шыққан оқушылар шерумен жүріп өтті. Мерекелік ән-шашу шашып, өнерімен өрнектеп, салт-дәстүрін айшықтап, ұлттық ойындарын ойнап, ұлттық тағамдарынан жәрмеңке ұйымдастырылды.

А.Құрмаш.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика