Мақат ауданы, Доссор кентінде дзюдо күресінен Аманқос Қуанышұлы Өтеуовті еске алуға арналған ХХІ республикалық турнир өтті. Аталған жарысқа Махамбет аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо бөлімінің жас спортшылары қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті.
Ұлдар арасында Давид Пак күміс медальді еншілесе, Бекзат Қайырғали қола жүлдеге қол жеткізді. Қыздар арасында Жансель Жасұланқызы үшінші орынды жеңіп алды. Жас дзюдошыларды дайындаған жаттықтырушылар – Садуақас Тәжбентай, Амангелді Маменов, Жігер Бисен, Алишер Балабаев және Бақберген Қабдолов.
Айта кетейік, бұған дейін Бақберген Қабдоловтың шәкірті, аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ күресі бөлімінің тәрбиеленушісі Бекзат Қайырғали Маңғыстау облысында өткен қазақ күресінен 2010-2011 жылы туған кіші жасөспірімдер арасындағы Х республикалық турнирде ІІ орын алып, «Спорт шеберлігіне үміткер» атағын иеленген болатын.
Қ.АЙТҚАЛИЕВ