Таңдай ауылында «Есіктен есікке» акциясы өтті

ҚР Парламенті мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы алдындағы партиялардың үгіт-насихат жұмыстары бүгін аяқталады.

Осы аралықта бес партияның арасында «Nur Otan»-ның белсенділігі ерекше байқалды. Үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күні Махамбет аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Бақсай ауылдық округінің орталығы Таңдай ауылының тұрғындарымен кездесіп, «Есіктен есікке» акциясын жандандырды. Кандидаттар үй-үйді аралап, партияның ел мүддесі жолында жасаған жұмыстарын жеткізіп, 2025 жылға дейінгі қабылдаған бағдарламасын түсіндірді. Бағдарламада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізер шаралар қамтылғанын, болашақта іске асар жобалардың көп екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, «Қазақстанның 7 басты жетістігі», «Nur Otan партиясына дауыс бер» тақырыптарында үгіт-насихат материалдарын таратты. Өз кезегінде ауыл тұрғындары да ой-пікірлерін ортаға салып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

tandai08012021-3

- «Nur Otan» - елімізге қамқор, халық үшін жұмыс жасап жатқан партиялардың бірі. Біреулерге үй салып беріп жатса, енді бірінің еңбегін ескеріп, мадақтап жатыр. Партия қашанда халықтың мұң-мұқтажы үшін еңбек етуде. Сол себепті біз «Nur Otan» партиясын әр уақытта қолдау келеміз,- дейді ауыл тұрғыны Тәттібай Қанатұлы.

tandai08012021-2

Акция барысында тұрғындарға партияның ауыл халқын жұмыспен қамтуға, таза ауыз су жүргізуге, сапалы жол салуға, асыл тұқымды ірі қара санын арттыруға ықпалдасатындығы айтылды. Оның ішінде Таңдай ауылында қолға алынатын жобалар да бағдарламада тыс қалмаған. 2021-2025 жылдары ауылда жеке сектор бойынша тұрғын үй салу мақсатында инженерлік-инфрақұрылымның құрылысы жүргізілмек. Сонымен қатар ашық спорт алаңын салу, 2024 жылы ауылдағы су бөгетінің 3,6 шақырымын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар.

tandai08012021-4

- Таңдай селосы көркейіп қалған. Көшесінде жолы, жарығы бар. Сәулетті үйлер тұрғызылып, дамып келе жатқаны көрініп тұр. Бірақ, халықтың да сұранысы бар. Жол барлық көшеге бірдей жүргізілмеген екен. Сол себепті кей тұрғындар жол мен жарықтың жүргізілуін сұрайды. Егер сайлаудан кейін депутат болып сайланып жатсақ, халықтың берген ұсыныс-пікірлерін біздер жауапты орындарға жеткізіп, жеткізіп қана қоймай орындатуға тырысамыз,-дейді «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Ақтұрлан Ерманов.

t

Айта кету керек, аумақтық сайлау комиссиясы арқылы мәслихат депутаттарының кандидаттығына 22 нұротандықтан тұратын партиялық тізім жасақталған болатын.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Махамбет ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT