«Nur Otan» партиясының «Құтты мекен» ұлттық жобасы аясында елді мекендердегі инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына бақылау жүргізу шаралары жалғасуда.
Өткен аптада «Nur Otan» партиясы Махамбет аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы жанынан құрылған жұмысшы топ аудан орталығында салынып жатырған 3 қабатты 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысы жұмысымен танысып, талдау жүргізді. Құрылыс жұмыстарымен танысу барысында мердігер мекеме жұмысшы топ өкілдері тарапынан айтылған ескертулер мен ұсыныстардың ескерусіз қалмайтынын жеткізді.
Қазіргі таңда екі және үш бөлмелі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып тұр. «Тек автомобиль тұрағы мен футбол алаңына газон төсеу жұмыстары ғана қалды», - дейді «Гарант Строй 2008»ЖШС-ң учаске басшысы Ерлан Тәжіғұлов. Бүгінде аталған нысанда 35 адам еңбек етуде. Жоспарға сәйкес тұрғын үй тамыз айының аяғында тапсырылатын болады.
Б.Сапарова