Әскерилер журналистерді мерекемен құттықтады

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор Е.Айтжанов мереке қарсаңында «Жайық шұғыласы» газеті редакциясына келіп, кәсіби мерекемен құттықтап, сый-сияпатын ұсынды.

Аудандық қорғаныс жөніндегі бөлім бастығы, майор Ербол Омарбекұлы көп жылдан бері жергілікті БАҚ-мен әріптестік тығыз байланыс орнатылғанын, өткен жылы республикалық байқауда жүлделі 3 - орын алғанын, бұл жетістіктерге «Жайық шұғыласы» газетінің қосқан үлесі зор екенін алға тартты. Ол айбынды армиямыздың ел алдындағы мәртебесін биіктету, қорғаныс саласының әлеуетін арттыру, келісім-шарт негізінде әскери қызметке шақыру, әскери оқу орындарына курсанттар қабылдау тәртібі жөнінде мақалалары жиі жарық көріп жатқанын тілге тиек етті.

Газеттің бас редакторы Н.Ерғалиевқа «Алғыс хат» тапсырып, шығармашылық табыстар тіледі. Өз кезегінде аудандық басылымның бас редакторы Н.Тельманұлы да мерекеде алғаш рет құттықтап келген бір топ әскери сала мамандарға алғыс айтты.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз