Елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтуде.
Махамбет ауданы Сарытоғай ауылы №220 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар да белсенділігін байқатуда. Барлық сайлау комиссиясының мүшелері санитарлық нормаларға сай арнайы киіммен, қолғаппен, бетпердемен қамтылған.
Ең бірінші болып ауыл тұрғыны Т.Мырзағали дауыс берді. №220 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Р.Құсмановтың мәлімдеуінше, 139 адам яғни 12,1 пайыз дауыс беріп үлгерген.
Ауыл тұрғыны ардагер ұстаз Орын Тасимова өз таңдауын жасап, лебізін білдірді:
-Бүгінгі өтіп жатырған сайлауға қатысып отырғанымызға өте қуаныштымын.Бұл сайлау әрқайысымыздың құқығымызды білдіреді.Осы сайлауға еліміздің болашағы, Қазақстанның жарқын болуы үшін келіп отырмыз. Барша халықты осы сайлауда дұрыс таңдауларын жасауға шақырамын, - деді.
К.САПАР