Аудандық сот судьясы Сарсен Амантаев жұмыс жоспарына сай сот төрелігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстар туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.
Судьяның айтуынша, 2018 жылдың 12 айында 486 азаматтық іс қаралып, аяқталған. 2017 жылы осы мерзімде 18,1 іске, 16,4 пайызға азайған. Оның 78 ісі жүргізуден тоқтатумен аяқталған. Тоқтатылған істің 12 ісі талаптан бас тартқаны қабылданған, 39 ісі татуласу келісімін бекітумен аяқталса, 25 ісі медиациялық келісімді бекіту арқылы қаралыпты. Оның 22-і судья медиатормен, 2 іс партисипативтік келісім қолданумен аяқталған екен.
Қылмыстық істер бойынша 2018 жылы 12 айда сот өндірісіне барлығы 49 адамға қатысты 45 қылмыстық іс түскен екен. Ал 2017 жылы 57 адамға қатысты 52 іс түскен көрінеді. Яғни 7 іске, 15,5 пайызға азайған. Сол жылдың он екі айы ішінде 20 адамға қатысты 16 қылмыстық іс іс жүргізуден тоқтатумен аяқталса керек. Ішінде 17 адамға қатысты 13 қылмыстық ісі медиация тәртібімен шешіліпті. 2017 жылдың 12 айына жүгінсек, 23 адамға қатысты 19 істің іс жүргізуден тоқтатылумен аяқталғанын байқаймыз. Оның 18 адамға қатысты 14 іс медиация тәртібімен өз шешімін тапқаны анықталды.
А.ТЕКЕБАЙ.
Мақаланың жалғасын газетіміздің №8 21 ақпандағы санынан оқи аласыздар