Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай сөйлеген сөзінде бұл тарихи датаның халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн екенін атап өтті. Президенттің тәуелсіздікті сақтау және нығайту жөніндегі үндеуі барша қазақстандықтарға, оның ішінде Махамбет ауданының жұртшылығына да зор жауапкершілік жүктейді.
Ауданымызда ел игілігіне бағытталған істер үздіксіз жалғасуда. Тұрғындардың әл-ауқатын көтеру, ауыл шаруашылығын дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру, білім мен мәдениет саласының әлеуетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Бұл ең алдымен Тәуелсіздіктің, бейбіт күннің және ел бірлігінің арқасы.
Егемендік – ұлт рухының асқақ символы. Оны көздің қарашығындай қорғау әрқайсымыздың борышымыз. Ата-бабалар аманатына адал бола отырып, болашақ ұрпаққа қуатты Қазақстанды аманаттау жолында еңбек ете береміз.
С.Жайлашев,
Махамбет аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы