Республикалық штаб мүшелері-Махамбетте

«Нұр Отан» партиясы атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер ретінде тіркелген Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Cенатор Сәрсенбай Еңсегенов бастаған республикалық штаб мүшелері аудан дәрігерлерімен кездесу жиынын өткізді.

Алда тұрған саяси маңызды оқиға туралы қысқаша түсінік берген «Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Әженов сөз кезегін астаналық меймандарға жолдады. Президенттікке үміткер Қ.Тоқаевтың сенімді өкілі Сәрсенбай Құрманұлы заңдылыққа сәйкес сайлауалды үгіт жұмыстарының тәсілдері туралы түсінік бере келіп, партия ұсынған кандидаттың қысқаша өмірбаяны, саяси ұстанымы, биік беделі мен бекзат болмысы, жалпы Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевпен үзеңгілес, серіктес бола жүріп, ел Тәуелсіздігі жолында білімі мен біліктілігін, күш-жігерін аямай жұмсағандығына тоқталды. Сонымен қатар, «Сабақтастық», «Әділдік», «Өрлік» деп аталатын үш бөлімнен тұратын сайлауалды бағдарламасын терең талдап түсіндірді. Одан әрі лауазымды қызметте отырған кезде Атырау облысы сайлаушыларының аманаттарын орындауға атсалысып, Тайсойған сынақ алаңын жаптыруға, Қиғаш, Жайық өзендерінің арнасын аршып, тазалауға, Атырау-Астрахань автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелерінің оң шешілуіне тікелей ықпал еткендігін айтып өтті.

Келесі кезекте сөз алған облыстық мәслихат депутаты А.Ғабдуллин, аудандық емхана дәрігері М.Қарагужиев, орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы М.Шуақбаев партия ұсынған кандидаттың мемлекет басқаруға мол тәжірибесі бар, әбден ысылған бірден-бір лайықты тұлға екендігін нақты мысалдармен дәлелдеп, сайлауда үміткерге дауыс беруге шақырды.

Н.Тельман

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521