Рейдтік іс-шара жалғасуда

Киік мүйіздерін заңсыз дайындаумен және оларды елімізден тыс жерге контрабандалық шығарумен айналысатын адамдарды анықтауға бағытталған бірлескен жедел-іздестіру және арнайы іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 1 - 30 сәуір аралығында «Киік» кең ауқымды табиғатты қорғау іс-шарасы басталды.

Браконьерлік фактілерді ашуға, киік мүйіздерін заңсыз дайындаумен және оларды елімізден тыс жерге контрабандалық шығарумен айналысатын адамдарды анықтауға бағытталған бірлескен жедел-іздестіру және арнайы іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету, ұйымдастыру кезінде аудандық балық қорғау инспекциясы қызметкерлерімен бірлескен мобильдік топтар құрылып, рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар БАҚ-та және әлеуметтік желілерде мүйізді сатып алу орындарына мониторинг жүргізіліп, жедел топ ұйымдастырып мүйіз қабылдаушыларды құрықтау шаралары және аудандық автожолдарынан айналма және далалық жолдарынан заңсыз тасымалдаудың, әкетудің жолын кесу бойынша бақылау күшейтіліп, жұмыстар атқарылуда. Құрықталған әрбір заң бұзушылар заңда көзделген қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Алмас Умирзаков,

аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы,

полиция майоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT