Жалғансай ауылдық “Шалқыма” мәдениет үйі ғимаратында орналасқан №221 референдум учаскесіне отбасымен келіп, дауыс бергендердің бірі - ауыл тұрғыны, мәдениет саласының майталманы Аманкелді Есенғалиев. Олар үшін бұл - отбасылық дәстүр.
– Бүгін еліміз үшін, шын мәнінде, тарихи күн. Халқымыз бетбұрысты шешім қабылдамақ. Референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Әр азаматтың маңызды болып тұрған жалпыхалықтық референдумнан біз де қалыс қалмай, таңдау жасауға жолдасым, бала-келінімді, кішкентай немеремді де ерте келдім. Жалпы барлық қазақстандық саяси шарадан қалмай, таңдау жасауға асыққаны абзал, – дейді дауыс беруші.
Айта кетейік, №221 референдум учаскесі 739 дауыс беруші тіркелген болса, оның 210-ы өз таңдауын жасады.
Қ.БАҒЫТ