Мемлекетіміздің төтенше жағдайларға қарсы тұратын құтқарушылар қатарын білікті мамандармен толықтыру мақсатында ТЖБ және №11 өрт сөндіру қызметкерлері бірлесіп, жастар саябағында «Құтқару міндеті-мейірбан жандарға лайық» атты жұмыс жәрмеңкесін өткізді.
Іс-шара барысында өрт сөндіруші мамандығының ерекшелігі туралы айтылып, оған қызығушылық танытқан үміткерлерге өрт сөндіру техникалары мен арнайы киім үлгілері көрсетілді. Төтенше жағдайлар орын алған жағдайда қалай әрекет ету керектігі түсіндірілді.
Сондай-ақ Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу шарттары таныстырылды. Оқуға түсуге ниет білдірушілерге Көкшетаудағы техникалық институт жайлы мәліметтер ұсынылып, оқу орны туралы жадынамалар таратылды. Өрт қауіпсіздігі бойынша жиналған халыққа хабарландырулар айтылып, жадынамалар үлестірілді.
Р.Аманшалов,
ТЖБ инженері