Құрметті Сарайшық ауылының тұрғындары, ардагерлер, әріптестер!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтаймын.

Наурыз-жыл басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам-береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңыраққа амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек тек шаттық, бақытқа ұлассын. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі елімізге, ауданымызға, ауылымыздағы әр шаңыраққа бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Мен Сіздерге көктем жылуы мен өмір қуанышын тілеймін.

Наурыз тек амандық, жақсылық әкелгей! Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Нұрғуат ДОСҚАЙЫРОВ,

Сарайшық ауылдық округі әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521