Құрметті ақ жаулықты аналар, аяулы қыз-келіншектер, әріптестер!

Баршаңызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын.

Әйел-ана –өмірдің өзегі, тіршіліктің күретамыры, ыстық ықылас пен ыждағаттың, пәктік пен тазалықтың қайнар көзі.

Ауылымыздың мерейінің үстем болуында Сіздердің еселі еңбектеріңіз бен қажырлы қайраттарыңыздың қарымды үлесі жатыр деп білемін. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректерді жырға бөлесін.

Асыл аналар, қырмызы қыз-келіншектер, әріптестер келіп жеткен мерекелеріңіз құтты болсын! Баршаларыңызға асыл армандар мен ізгі мұраттардың орындалуын, жан жадыратар қуаныштың мол болуын, бақыт пен берекесі сарқылмауын, денсаулықтың мұқалмауын тілеймін.

Әрқашан шаңырақ ажары, тіршіліктің базары болып жүре бергейсіздер. Сіздерге мына дүниедегі бар жақсылықты, бақыт пен шаттықты тілеймін. Мерекелеріңізбен!

Нұрғуат ДОСҚАЙЫРОВ,

Сарайшық ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз