Қазақстан Халық партиясының өкілдері – Бейбарыс ауылында

 Қазақстандықтар үшін әділеттік пен жаңа әлеуметтік бағыттың уақыты келді деп санайтын партия өкілдері сайлаудан кейін қоғамды дамыту үшін барлық күш-жігерді жұмсайтындығын жеткізді.

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Қазақстан Халық партиясының өкілдері Махамбет ауданы Бейбарыс ауылының халқымен кездесті.

Кездесуде білім беру мен денсаулық сақтау саласының сапасын арттыру, қазақстандықтарды тұрғын үймен қамту мәселесін шешу, зейнеткерлерге жағдай жасау бойынша келелі ойлар айтылды.

«Мұғалім мәртебесі» туралы Заңның орындалысы мен ұстаздарды материалдық жағынан қолдау, ақшалай өтемақы мен арнайы төлемдер енгізу бойынша ұсыныстарын айтты. Партия әлеуметтік сақтандыру қорын таратуды, сол қаражатты ауруханалар мен емханаларды жаңғыртуға бағытталуын құптайды. Бағдарламаға сәйкес әр отбасыға үй және үй шаруашылығын салу үшін 20 сотық беру, жас отбасылар мен әлеуметтік осал топ санатындағылар үшін тұрғын үйдің өзіндік құнын төмендетуге қол жеткізбек.

ha281220-2

Сонымен қатар, қазіргі зейнетақы жүйесін ашық емес әрі әділетсіз деп санайтын партия зейнет жасын жынысына қарамай 60 жасқа дейін төмендетуді қолдап отыр. Қазақстандықтар үшін әділеттік пен жаңа әлеуметтік бағыттың уақыты келді деп санайтын партия өкілдері сайлаудан кейін қоғамды дамыту үшін барлық күш-жігерді жұмсайтындығын жеткізді.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз