2026 жылдың 15-22 ақпан аралығында өтіп жатқан аумақтық «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылы Ахмедияров атындағы орта мектебінде оқушыларға қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық жанжалдарды болдырмау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дәріс өткізілді.
Профилактикалық іс-шара барысында қоғамдағы маңызды тақырыптар қозғалып, сталкинг, мәжбүрлі неке және зорлық-зомбылықтар туралы пайдалы әңгімелер кеңінен қамтылып, зорлық тек дене жарақаты емес, ол — психологиялық қысым, бақылау, қорқыту, еркіндікті шектеу екені баса айтылып, ондай жағдайда жәбірленушілер көбіне үнсіз қалатыны ескертілді. Шараның басты мақсаты — сол үнсіздікті бұзу екені түсіндірілді. Сталкинг — бұл қылмыс. Үнемі қудалау, бақылау, қорқыту заң алдында жауапкершілікке әкелетіні жария етіліп, жаңа өзгерістерге сәйкес ҚР ҚК 115-1 бабы енгізілгені хабарланды.
ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 20



