Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталған тұлғалар тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау, жазаны өтеуден жасырынған тұлғаларды іздестіру және олардың алдын алу мақсатында аудан көлемінде «Пробация» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Пробация қызметі есебіндегі мәлімет бойынша ҚР ҚК-нің 44 бабы бойынша бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандар саны – 15, ҚР ҚК-нің 63 бабы бойынша шартты түрде сотталғандар – 10, ҚР ҚК-нің 50 бабы бойынша белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдану құқығынан айыруға сотталған – 12/2 адам, ҚР ҚК-нің 74 бабы бойынша жаза өтеуі кейінге қалдырылған сотталғандар саны – 3.
Осыған байланысты шара аясында аудандық Пробация қызметі бөлімшесі аудандық ПБ-мен бірлесіп, пробация қызметі есебінде тұратын 40 қоғамнан оқшаулауға байланыс- ты емес жазасын өтеуші тұлғалардың тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтарды және уақтылы қылмыстың қайталануының алдын алу, сондай-ақ іздеуге жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау, іздестіру, сотталғандармен профилактикалық тәрбиелік іс-шаралар жүргізу, тұрғылықты мекен-жайын тексеру жұмыстарын жүзеге асыру жұмыстарын толықтай қамтамасыз етті.
Н.ТАШЕКЕНОВА,
аудандық Пробация қызметі бөлімшесінің бастығы,
әділет майоры.