Отбасы құндылығына ештеңе жетпейді

Е.Ағелеуов атындағы орта мектептің 7 «а», «б» сынып жетекшілері І.Ғаниұлы мен І.Қожабаеваның ұйымдастыруымен «Отбасы және отбасы құндылығына қазіргі көзқарас» атты тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатында мақал-мәтелдер, суреттер, әңгімелесу, сұрақ-жауап әдістері көбірек қолданылды. «Бақытты отбасы» бейнеролигі көрсетіліп, көпшілік назарына ұсынылды. Балалар «Бақытты отбасының» үлгісін сурет арқылы сипаттады. Тәрбие сағатына Ғинаят Эльдар, Олжас Талғат, Жұлдызым Қабдолғазиз, Аят Қарсақбаев, Идеятов Райымбек, Дастан Қаршыға, Айкөркем Салауатова, Арияна Қуаныш, Тілегенова Інжу, Мархабат Берікқалиқызы, Нұғыманов Нұрдаулет сынды оқушылар белсенді қатысқанын айта кеткен жөн.

Отбасы-адамзаттың алтын ұясы. Әр бала отбасында әкеден-ақыл, анадан-мейірім алады. Кезінде ата-бабамыз әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек деп тегін айтпаса керек. Осы бір ғажайып тұжырым әке, ана, бала- отбасының үш тағаны іспеттес. Тәрбиелік мәні зор шараны ұйымдастырған сынып жетекшілер Ізбасар Ғаниұлы мен Іңкар Қожабаеваға айтар алғысымыз шексіз. Олар оқушылар мен ата-аналарды бірге қатыстырып, шараны шебер ұйымдастыра білді.

Ж.ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

ата-ана.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT