Тұрғын үйлердегі және пәтерлердегі өрт оқиғалары көбінесе сол үйлерде тұрып жатқан тұрғындардың кінәсінен болып жатады.
Сұрапыл апатты құбылыс жылдар бойы жиылған мүліктерді аяусыз жойып, адамдарға қайғы-қасірет әкеледі. Статистика бойынша тұрғын үй мен пәтерлерде өрттің шығуына негізгі себептер: тұрмыстық электр және газ аспаптарын пайдалану кезінде пештердің дұрыс орнатылмауы мен қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, мас күйінде темекі тарту салдарынан, сонымен қатар электр өткізгіштерін дұрыс жүргізбегендіктен болып отыр.
Осы айтылған кемшіліктерді болдырмау мақсатында Махамбет аудандық №11 өрт сөндіру бөлімі мен Төтенше жағдайлар бөлімінің және аудандық «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қызметкерлері рейдке шығып, Махамбет ауылының тұрғындарына түсінік жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты.
Сонымен қатар қазіргі уақытта ауа райының жылынып, қайта салқындауына байланысты мұздың өте жұқа екендігін айтып, мұз үстіне шықпау керектігін қатаң ескертті.
Д.Үмбет,
Махамбет аудандық №11 өрт сөндіру
бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау
аға лейтенанты