Оқушылармен маңызды кездесу ұйымдастырылды

Махамбет ауданы полиция бөлімінің  бастығы полиция полковнигі Алекесов Нұрболат Дүйсенбайұлы Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен арнайы кездесіп, кәмелтке толмағандар арасындағы заңбұзушылықтар, қазіргі уақытта қоғамда белең алып жатырған жастар арасындағы тәртіпсіздіктердің себеп салдары туралы  айтып, олардың құқықтық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған тәрбиелік маңызы бар мәселелерді қозғады. Аталған мектеп түлегі, қызметтік міндетін атқару барысында  қаза тапқан полиция аға лейтенанты Кажкенов Асылан Бекмухановичке арналған сынып бұрышымен танысты.

Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іске қосылған бейнебақылау жүйелері мен дабыл батырмаларының жұмысын және батырма бойынша қызмет көрсететін бөліністердің жеделдігін тексеру жұмыстарын жүргізді.

Аудан жастарының болашағы мен қоғамның тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT