Махамбет аудандық балалар және жасөспірмдер спорт мектебі ғимаратында орналасқан №216 референдум учаскесіне дауыс беруге келген ауылдың ақ жаулықты әжелері шашу шашты. Олар сайлауға мерекелік көңіл-күйде келіп, шашу шашып, жиналғандарға ақ тілегін арнап, дауыс берді.
– Ата салтымызда шашу рәсімі қуаныш пен жақсылықтың белгісі саналатыны белгілі. Біз ежелден қонақжай, ақкөңіл, меймандос халықпыз. Еліміз тыныш, ырысы мол болсын деп шашу шашуды ырым қыламын. Жас ұрпақтың болашағы жарқын боларына сенемін. Біз аналар қауымы ұрпақтың амандығын, елдің тыныштығын тілейміз,- деді ауылдың ақжаулық анасы Жұмасұлу Иманғалиева.
Айта кетейік, №216 референдум учаскесіне 1047 дауыс беруші тіркелген.
Қ.Айтқалиев