Нақты ақпаратқа сыйақы төленеді

Қазақстан Республикасы Үкіметі «Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескені үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулы қабылдады.

2017 жылдың қаңтарынан бастап ресми түрде күшіне енген ҚР Үкіметінің қаулысында терактіні болдырмауға, немесе алдын алуға көмектесетін ақпаратты хабарлаған адамға 750 айлық есептік көрсеткіштен (1 АЕК-2121теңге) 1000АЕК-ке дейін бір реттік сыйақы беру қарастырылған. Сыйақы терроризмге қарсы іс-қимылды үйлестіру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган есебінен төленеді. Теракті туралы ақпарат берген адам сыйақыдан бас тартса, ол туралы уәкілетті органның аймақтық бөлімшесіне хабарлауы тиіс. Сонымен қатар жалған ақпарат берген адамның өзі жауапқа тартылатынын ескертеді. Расымен де жиналып, ұйымдасқан адамдарды көріп, хабар берген, бірақ олардың қандай мақсатта ұйымдасып жатқанын білмеген адам ақпараты расталмаған жағдайда жауапкершіліктен босатылады.

Г.ТӨЛЕГЕНОВА,

Махамбет ауданы әкімінің бас инспекторы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT