Н.Ноғаев: Мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстары оқу процесіне кедергі келтірмеуі тиіс

Сенбі, 24 тамызда аймақ басшысы қаладағы күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан мектептер мен Нұрсая және Береке ықшам аудандарындағы үйлердің құрылысымен танысып шықты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі таңда апатты үйлердің саны 71 болса, тағы 12 жатақхана бар. Осы жатақханалардағы тұрғындарды көшіру мақсатында қазір Нұрсая мен Береке ықшам аудандарында 240 пәтерлік 6 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Нұрлан Ноғаев мердігер компанияларға құрылыс жұмыстарын уақтылы әрі сапалы етіп жасауды тапсырды. Жаңа пәтерлер үй иелеріне заң аясында тапсырылатын болады.

n

Ары қарай аймақ басшысы күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан екі мектепке барды. Солардың бірі – 1973 жылы салынған, содан бері жөндеу жұмыстары жасалмаған А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицей. Екіншісі – Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицей, бұл ғимарат та 1984 жылы жылы салынған, одан бері жөндеу көрмеген. Екі мектепте де еден, электр сымдары мен терезелері толықтай жаңартылды.

n

Атырау қалалық білім бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, 1 қыркүйекте барлық мектеп дайын бола қоймайды. Дегенмен оған ата-аналар түсіністікпен қарап, бастысы жөндеу жұмыстарының сапалы болуын сұрап отыр.

n

- Мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстары оқу процесіне кедергі келтірмеуі тиіс, - деді аймақ басшысы.

– Бұл тұста ата-аналардың түсіністікпен қарауы қуантарлық жағдай. Асығыстық қажет емес, олар дұрыс айтады. Екінші жағынан балаларға оқу кезінде ыңғайсыздық болмауы тиіс.

Білім басқармасы мен қалалық әкімдік осы мақсатта барынша жұмыс істеуі керек.

n

Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 12 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың төртеуі қалада орналасқан. Сонымен қатар, биыл облыста 11мектептің құрылысы басталды, бұдан басқа 5 мектептің құрылысы қазіргі таңда салынып бітті.

Атырау облысының өңірлік

коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT