«Менің елім – Мәңгілік Ел!»

Осындай тақырыппен Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының «ұйымдастырумен аудандық форум өтті.

Оған ұйымның жетекшілері мен көшбасшылары, тәлімгерлер, жасұландықтар қатысты. Бірінші бөлім «Менің Қазақстаным-менің болашағым» сәлемдесуін Қ.Ахмедияров атындағы орта мектептің жасұландықтары бастады. Бес домбырашы күй қағаны Құрманғазының «Балбырауын» күйін күмбірлеткенде қол соқпаған жан қалмады. Еңбекшіл негізгі мектебінің «Жалын» тобынан соң шыққан Қосарал орта мектебінің «Демеушіміз Қосарал» тобы қазақтың белгілі биі Айтуар бидің ауылынан келгенін айтып, балалық шаққа саяхат жасап, сабақта, емтиханда болған оқиғалардан көріністер көрсетіп, жиналғандарды қыран-топан күлкіге көмді. Соңы «Бақыт деген» әнімен өрілді.

А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің «Мен қазақтың ұлымын» тобы болса, «Мәңгілік ел» идеяларымен жігерленіп, Елбасының «нұрлы жолмен» келе жатқанын өлең жолдарымен жеткізіп, соңын патриоттық рухтағы «Атамекен» әнімен аяқтады.

О.Шонаев мектебінің «Жас өрен» тобы сонау қазақтың Жәнібек, Керей хандарын бастап, Ұлы Отан соғысы, Желтоқсан оқиғасын түгел қамтып, тарихи қойылымдар қойды. Оқушылар ақ, көк туларды желбірете ұстап, «Көк тудың желбірегені» әнін әуелете шырқады.

Алмалы орта мектебінің әскери киімдегі жасұландықтары тобын үш тілде қазақ, орыс, ағылшын тілінде таныстыруымен есте қалса, Қызылүй орта мектебінің «Жарқын» тобы полицей, заңгер, ұстаз, дәрігер, құрылысшы киімінде шығып, сан алуан мамандықтар туралы сыр шертті. Береке орта мектебінің «Ұлан» тобы сәлемдесуін флеш-мобпен бастап, одан әрі «Алға, Берекенің ұландары!» әніне ұласты.

 

Материалдың толық нұсқасын газетімізден оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT