Медициналық инфрақұрылымды жаңарту — болашаққа бағыт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында еліміздің денсаулық сақтау жүйесін кешенді түрде жаңғыртуға айрықша назар аударды. Бұл – халықтың өмір сапасын арттыруға арналған стратегиялық бағыттың бірі.

Ауылдық жерлердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін нысандарды жаңарту, фельдшерлік-акушерлік пункттерді заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету – біздің аудан үшін де аса маңызды бастама. Соның арқасында Махамбет ауданының тұрғындары сапалы медициналық қызметке бұрынғыдан да қолжетімді болмақ.

Сондай-ақ, мамандандырылған ауруханаларды жаңғырту, цифрлық технологияларды енгізу – медициналық көмектің тиімділігін арттырып, тұрғындарға көрсетілетін қызметтің жылдам әрі жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етеді.

Жолдауда белгіленген міндеттерді орындау арқылы ауданымыздың медицина саласы жаңа деңгейге көтеріледі деп сенеміз. Бұл – ел Президентінің халық денсаулығына деген нақты қолдауының көрінісі.

Г.Жолдасқали

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT