Марапат жауған күн

Аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде Махамбет аудандық электр жүйесі мекемесінің құрылғанына 55 жыл толуына орай «Жарты ғасырдан астам тарихымызбен мақтанамыз» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Мекеменің арғы-бергі тарихы туралы лед экран арқылы жұртшылық назарына ұсынылған бейне көрсетілімде әр жылдардағы аудан энергетиктерінің елді мекендерді электрлендірудегі қажырлы еңбектері, аға буын өкілдерінің өмір соқпақтары, энергетика саласының қазіргі жетістіктері түгел қамтылған.

4da

Қазіргі Махамбет аудандық электр жүйесі мекемесі, алғашында «Махамбет дизельді электр стансасы» болып құрылып, алғаш рет аудан орталығының тұрғындарына қызмет көрсете бастаған. Бар болғаны екі-ақ дизельді генератор арқылы аудан, ауыл тұрғындарын жарықпен қамтамасыз еткен. Мекеменің қаз басып қалыптасу кезеңдері туралы Махамбет аудандық электр жүйесі мекемесінің басшысы Д.Хайрушевтің баяндамасында жан-жақты айтылды.

ae

Барша аудан энергетиктерін мерейлі мерекелерімен құттықтаған «Атырау-Жарық» АҚ –ның күрделі құрылыс жөніндегі тете президенті Б.Әліпов оннан астам сала ардагерлерін марапаттады. Сондай-ақ, М.Шыныбеков «Атырау-Жарық» АҚ-ның, ал К.Әбілтаева «АтырауЭнергоСату» АҚ-ның «Құрмет грамотасына» ие болды. Мерекеге орай аудан әкімінің алғыс хатын алып, көңілдері марқайып қалғандардың қарасы да оннан асып жығылады. Жалпы бұл күнді марапат жауған күн десе де болғандай.

Аудан өнерпаздары ән-күйден шашу шашып, мерекенің шырайын аша түсті.

Н.Тельман

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз