Махамбеттік оқушылар - үздіктер сапында

Волейболдан 2010-2011 жылы туған ұлдар арасында Атырау облысының чемпионаты өтті. Аталған жарысқа Сарытоғай, Ақтоғай және Ортақшыл ауылындағы мектеп оқушыларынан құралған Махамбет ауданының командасы қатысты. 

12 команда қатысқан жарыстың топтық кезеңінде “Атырау-2” командасын, 1/4 финалда “Самал” командасын 2:0 есебімен жеңіп, жартылай финалда Жылыой ауданының командасына 0:2 есебімен есе жіберді. Үшінші орын үшін болған тартысқа толы ойында Құрманғазы ауданының құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, ІІІ орынды қанжығасына байлады.

Жаттықтырушылар: Елдос Бағдалов, Айбар Қанатов 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT