Махамбетте рейд барысында құқық бұзушылық анықталған жоқ

Өңірде карантин талаптары толық алынбаса да біршама жеңілдетіліп, тиісті кәсіпкерлік нысандарға жұмысын қайта бастауға рұқсат етілді.

Аудандық әкімдік жанынан құрылған мониторингтік топ өкілдері бірқатар нысандарды аралап, кезекті түсінік жұмыстарын жүргізді. Құрамында аудан әкімі аппаратының бас маманы Н.Бердіғалиев, аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Б.Аманов, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздік бақылау басқармасының басшысы Г.Ажигалиева бастаған топ ауданымыздағы кәсіпкерлік нысандарды, мейрамхана, дәмханаларды аралап, түсінік жұмыстарын жүргізді.

-Бүгінде «Берекет», "Syltan-Palase", "Атамұра" мейрамханаларында іс-шаралар өтіп жатқан жоқ. «Танаист» мейрамханасы әкімшілігімен түсінік жұмыстары жүргізілді. Аудан орталығындағы «Исатай-Махамбет» мешітіне де барып кеттік. Ешбір құқық бұзушылық анықталған жоқ. Жалпы қоғамдық орындарға барған әр адам жеке қорғаныш заттарын қолданып, арақашықтық сақтап, санитарлық талаптарды бұзбағаны абзал, - дейді бас маман Н.Бердіғалиев.

К.САПАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз