Махамбетте Бейбарыс ауылдық округінде Темір конструкциялар зауыты салынып жатыр

Жалпы құны 80 миллион теңгені құрайтын бұл зауытты кәсіпкер Сейт Жұмашев өз қаражатына тұрғызып жатыр.

1,8 га аумақты алып жатқан құрылыс алаңына қазір қажетті материалдар әкелініп, іргетасы құйылып, құрылыс қаңқасын орнату жұмыстары жүргізілуде. «Атырау-Жарық» АҚ электр жүйесін орнатуда. 2022 жылдың желтоқсан айында аталмыш зауыттың  құрылысы  толықтай аяқталып, іске қосылса, 15-20 адамды жұмыспен қамтиды деп жоспарлануда.

Еске сала кетелік, Махамбет ауданы бойынша 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жалпы құны 95 млн.нан басталып, 5,4 млн теңгемен аяқталатын бұл жобалардың сәтті іске асуы мыңдаған адамды жұмыспен қамтуға септігін тигізеді.

 
Айнұр Сатаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз