Аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында жеке жолаушылар тасымалын ретке келтіру мәселесі және елді мекендерді көркейту, абаттандыру мәселелері қаралды.
Кеңес отырысына қоғамдық кеңес төрағасы С.Жайлашев төрағалық етті.
Жолаушылар тасымалы бойынша баяндама жасаған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Н.Пернебеков жеке кәсіпкер «Қосыбаева» қыркүйек айынан бастап «Сарытоғай-Махамбет-Атырау» бағытында 24 орындық «Костра» автобусымен тұрғындарды тасымалдауды қолға алғанын айтты. Жолақысы 400 теңгелік автобус халық үшін қолжетімді болып отыр. Тұрғындар тарапынан сұраныстың көп болуына байланысты кәсіпкерге 24 орындықтың орнына, 45 орындық автобус шығаруға ұсыныс беріліпті.
Сонымен қатар жолақысы 800 теңгелік жеке таксилер де халыққа қызмет көрсетуде. Мекен жайға дейін жеткізу 1300 теңге.Аудан орталығында осындай 80 такси жүріп тұрса, оның 25-і ғана кірістер басқармасына тіркелген. Ал Махамбет ауылының ішінде жүретін таксилер бір адамды 100 теңгеден тасиды.
Бұдан әрі Ақжайық, Есбол, Алға ауылдық округі әкімдері өз ауылдарындағы абаттандыру жұмыстары бойынша хабарлама жасады.
Өз тілшіміз