Аудан аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы 21-23 қазан аралығында өтуде.
Полицейлер үлкен күре жолдарда жолаушы тасымалдайтын ірілі-ұсақты көліктерді тоқтатып, тексеріп жатыр.
Мақсаты - автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру.
Үш күн бойы тәртіп сақшылары автобустардың техникалық жағдайын, жүргізушілердің тіркеу құжаттарының болуын тексеріп, автобустарды нормативтер мен стандарттардың талаптарын бұзып, басқару және пайдалану фактілерін, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтауды анықтау бойынша тексереді.
Сондай-ақ, жүргізушілер мен автобустарды жолға шықпай тұрып медициналық және техникалық тексеру, жүргізушілердің еңбек пен демалыс режимін сақтауын анықтайды.
Қоғамдық көліктер арасындағы апатты жағдайды азайту мақсатында ұйымдастырылған шараның алғашқы күнінде-ақ 7 құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралары алынды.
Қ.ШОНЫШЕВ,
аудандық полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі
патрульдік полиция тобының аға инспекторы,
полиция капитаны