Махамбетте ауылдар арқылы қатынап жатқан автобустардың жол жүру графигі белгілі болды

Қазіргі таңда «Атырау-Сағыз», «Атырау - Ақжайық», «Атырау -Сарайшық - Жалғансай» бағыттарына тұрақты түрде қоғамдық көлік қатынайтын болды.

– Конкурс қорытындысымен жеңімпаз болып танылған «Akzhaiyk Avtopark» ЖШС 1 тамыздан баптап өз жұмысын бастады. Жаңа бағыттарға тұрақты тасымалдайтын маршруттарды ұйымдастыру автокөлік жолдарының жай күйі мен қоғамдық көліктердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі белгіленгеннен кейін жүзеге асырылды,- дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы С.Айтқалиев.

Жолаушылардың тұрақты тасымалдануы мен жолақысының қолжетімділігін сақтау мақсатында биыл жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеге 62 әлеуметтік маңызы бар маршрут субсидияланған. Маршруттың бірі Атыраудан Қызылқоға ауданының Сағыз ауылына қатынаса, қалған екі автобус Махамбет ауданына қарай бағыт алған.

«Ақжайық-Есбол-Ортақшыл-Еңбекшіл-Атырау» бағыттарына 06:50-08:40 аралығында, ал «Атырау Еңбекшіл-Ортақшыл-Есбол-Ақжайық» бағытына 18:00- 19:50 аралығында автобус жүреді. Билет құны – 600 теңге.

Ал жолақысы 400 теңге болып белгіленген «Жалғансай Сарайшық-Атырау» бағытына маршрут тәулігіне екі рет, 07:00-08:20, 14:00-15:20 аралықтарында, «Атырау Сарайшық-Жалғансай» бағытына 12:00-13:20, 19:00-20:20 аралықтарында қатынайды.

 

Қазбек Айтқалиев

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521