Махамбет ауданының жастарын тегін әскери оқуға шақырды

Әскери оқуға шақыру

ҚР Қорғаныс министрлігінің  Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік  институтының мамандары  келіп,  мектеп түлектерімен кездесіп,  жастарды әскери білім алуға шақырды. 

Шараға облыстық, аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарма, бөлім  мамандары, аудан мектептерінің  жоғары сынып оқушылары, алғашқы әскери дайындық пәні  мұғалімдері, жастар қатысты.

Ең алдымен сөз алған  Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлері  институтының  оқу орталығы бастығының орынбасары, подполковник Кулпендиев  Бекет Оразалыұлы  бұл институт үкіметтің  №1330 қаулысымен 2001 жылдың 15 қазанында құрылғанын, 22 жылдан бері әскери мамандар даярлап келе жатқанын айтып, әскери оқу орнында білім алуға шақырды.  Қорғаныс министрлігінің оқу орнына қабылдау, іріктеу, оқуға түсу туралы баяндады. Барлық қажетті ақпараттарды алып, ҰБТ-де әскери мамандықты таңдау үшін қандай пәнді таңдай қажеттігі де қаперленді.

9527cbe6-6da8-491d-b658-891c2548dec9

– Әскери институтқа тұрғылықты жері бойынша әскери бақару органы басшылығы атына өтініш жібереді. Институтқа түсу үшін арнайы емтиханнан өтеді.  Медкомиссиядан, жүгіру, турникке тартылу бойынша іріктеуден өтеді.  Курсант денсаулық жағдайы жарамды болуы тиіс.  Түлектер ҰБТ-да бес пән бойынша кемінде 50 балл жинауы керек. Қабылдау кезеңінде оқуға түсушілер әскери институт аймағына орналастырылады.  Жабдықтау нормалары бойынша тамақпен, киіммен қамтамасыз етіледі.  Оқу үрдісі қызықты, бар қажеттіліктермен қамтылған.  Курсанттар әскери институтты бітірген соң жұмыспен қамтылады. Бұдан басқа көптеген жеңілдіктер бар,-деді Бекет Оразалыұлы.   

7

Әріптесінің сөзін Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлері институтының байланыс кафедрасы бастығының орынбасары, подполковник Нұрғалиев Қайрат Көбейсінұлы жалғастырды. Ол әскери жоғары  оқу орнының тарихы, құрылымы, әскери тәртіп тағы басқа құнды ақпараттар берді.  Сонымен қатар Қ.Нұрғалиев  оқу мерзімі 5 жылдық екенін, әскери оқуға қабылданған курсанттар 1-2 курста казармада тұрса, 3-курстан бастап жатақханада жататынын, шәкіртақымен, киіммен қамтылатынын, келіп-кету, киім, тамақтану тегін екенін, ал  оқу орнын  бітірген соң азаматтық қорғаныс инженері мамандығын және  лейтенант атағын алып шығатынын, жұмысқа әскери салаға бірден қабылданатынын тілге тиек етті.

Мұнда медициналық, әлеуметтік көмекпен қамтылатынын, бай спорттық базасы, соңғы үлгіде жабдықталған лабораториялар, компьютерлік, лингафондық кабинеттер, кітапхана, құрал-жабдықтар, әуе-қорғаныс күштерінің  техникалары автоматтандырылғанын айтты.  Әсіресе,   шыныққан, спорттық дәрежесі жоғары курсанттарға  ҰҚК, мемлекеттік барлау, шекара қызметтеріне, ақпараттандыру, әуе-қорғаныс күштеріне  сұраныс жоғары екенін де тілге тиек етті.  Әскери мамандар тұрғын үймен қамтылатынын, жалақысы жоғары қызмет атқаратынын, кей қалаларда пәтер жалдау қаражаты әр отбасы мүшелеріне жеке-жеке төленетінін де қаперледі.  

b36451a9-0dd1-445e-9ed1-96d6b3bf0478

Кездесуден соң Мектеп оқушыларының қатысуымен «Әскери жаттығу» көрінісі қойылды. Қыздар автоматты жинақтаудан жарысқа түссе, бір топ жігіт қоян-қолтық ұрыстан көрініс көрсетті. Сондай-ақ, аудан өнерпаздары жырдан шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT