Махамбет ауданында Бірлік күні мерекесі тойланды

Бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы – бұл Қазақстан халқының бірлігі күні.

Мамырдың алғашқы күні Махамбет ауданындағы орталық алаңда «Бірлігі бүтін, бақытты Қазақстан!» атты мерекелік концерт өтті. «Бір шаңырақ астында» хореографиялық композициясымен шымылдығы ашылған шара «Әсем-ай» би тобының биіне ұласты. Әнші Дана Ғасырбек «Бірге» әнін орындауы «Еркем-ай» бишілерімен үндесіп жатты. Бейбітшілік пен татулықты ту етіп, береке мен бірлікке қадам басқан, өзге елден келгендерді өзектен теппей, мейірман достық тілекпен құшағын жайып қарсы алған ауданның халқын Ринат Бауыржанұлы құттықтады.

– Халқымыздың татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі – біздің еліміздің ең басты байлығы. Қадірлі жерлестер, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Әр отбасына шынайы көңілмен бақыт-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!,- деді аудан әкімі Р.Жанқылыш.

7a0dd8e4-82a1-4c99-ae53-001c03661221
Одан әрі аудан өнерпаздарының саздық бағдарламалары бірінен кейін бірі жалғасып, сан түрлі ұлттық киімдерін киіп, сахнаған көтерілген қыздарға тамсанбаған адам қалмады. Жалғансайлық өнерпаз Қайрат Жұмашевтың орындауындағы «Бейбітшілік сақталады» әні көпшіліктің көңілінен шықса, Інжу Аймағамбет «Ақ көгершін» әнімен бейбіт өмірдің «символына» деген құрметін таныта білді. Бұл күні тек қазақ халқының, композиторларының әндер ғана емес, өзге ұлттың да әндері шырқалды. Әли Төлеуов татар халқының әні «Эпипені», Гүлсая Меңдігереева грузин әні «Тбилисоны», Анель Алпысбаева өзбек әні «Ольма, ольманы» нақышына келтіре орындап, кең байтақ қазақ даласындағы ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті өмірін паш етті. 
caa77ed6-62d9-465a-acf0-16f1d6e3bde9

e0753bf7-2d69-457a-832e-1562e8d4ef11
Бүгінгі күні Махамбет ауданында бірлігі мен татулығы жарасқан қазақ халқын қоса есептегенде удмурт, әзірбайжан, башқұрт, неміс, украин, беларус, болгар сияқты 18 ұлттың өкілі тұрады.

 

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT