Махамбет ауданында биыл әлеуметтік осал топтар үшін 10 тұрғын үй беріледі

Бұл туралы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникация қызметі.

Өткен жылы ауданда бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй кезегіне әлеуметтік осал топтағылар ретінде кезекке тұрған 6 тұрғынға пәтер кілті табысталса, биыл 10 тұрғынға үй берілмек.

- Махамбет ауданы бойынша тұрғын үй кезегіне 1152 тұрғын тіркелген. Өткен жылы тұрғын үйді несиелеу бағдарламасы бойынша 10 адамға тұрғын үй сертификаттарын беру үшін  10 млн.теңге қарастырылып, толықтай табысталды. Ал, биылғы жоспар бойынша облыстық бюджет есебінен  22,5 млн теңге қаржы бөлінді, - деді аудан әкімі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ауданда 23 көппәтерлі тұрғын үй бар болса, олардың төртеуі коммуналдық меншікке қарасты, қалған он тоғыз тұрғын үй жекешелендірілген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT