М.Досмұхамбетов «Парасат жолы» жобасының ерекшелігін атап өтті

М.Досмұхамбетов «Парасат жолы» жобасының ерекшелігін атап өтті

Ағымдағы жылдың 16 наурызында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен кездесті.

Кездесу барысында Агенттік өкілдері қатысушылардың назарын "Адалдық алаңы" жобасының маңыздылығына аударды, бұл жоба еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысының орталығы болып табылатынын атап өтті.

"Дамыған елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңдар жазылмаған, барлығы жалпы қабылданған этикалық нормаларды ұстанады және бізге осыған ұмтылу қажет", - деп атап өтті Агенттік Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева.

Кездесуге қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың жаңа әдістерін ұсынды. Кездесуде қоғам қайраткері, жазушы Сәдібек Түгел қоғамда дәстүрлі халық құндылықтарын дәріптеу, айналасындағыларға құрмет көрсету, білім мен еңбекке ұмтылу қажеттігін атап өтті. "Біздің қызметіміздегі маңызды аспект азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл болып табылады.

Бүгінгі күні Ашық орталықтар еліміздің, қаламыздың құрметті азаматтары мен шығармашыл зиялы қауым өкілдерінің игілігі үшін игі идеялар мен бастамаларды тарту нүктелеріне айналады деп ойлаймын" Кездесу қорытындысы бойынша өңір басшысы Агенттіктің ашықтық қағидаттары мен парасаттылық идеологиясын ілгерілету жөніндегі барлық бастамаларын қолдады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521