«Әлеумет Плюс» өкілдері Бақсайда

Бақсай мәдениет үйінде аудан әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссияның «Көшпелі лекциялар» кестесіне сай және Атырау облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Әлеумет Плюс» этно-саяси зерттеулер орталығы қоғамдық бірлестігі өкілдерімен кездесу болып өтті.

Кездесудің мақсаты – Елбасы Жолдауын насихаттау, қоғамдағы отбасы институтының маңыздылығын арттыру, ана мен баланы әлеуметтік қолдаудың жолдарымен таныстыру болды. Шараны «Әлеумет Плюс» этно- саяси зерттеулер орталығы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жаннат Асабаева ашып, Елбасымыздың жаңа Жолдауын насихаттаушы арнайы жасақталған топ құрамымен таныстырды. Топ мүшесі «Иверия» ЖШС-нің жетекшісі, кәсіпкер Зураб Бобохидзе жолдаудың маңыздылығын өз кәсібімен байланыстыра отырып түсіндірсе, «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ-ның жетекшісі Г.Нұржігітқызы мүгедек жандарға берілетін жеңілдіктер жөнінде мағлұмат берді. Ал, ішкі істер департаментінің инспекторы Б.Қожасқызы «Тұрмыстық зорлықтың алдын алу» тақырыбында жүргізілетін шаралар туралы әңгімеледі. Аудандық аурухананың терапевт дәрігері Б.Молдашева «Жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алу шаралары», аудандық ішкі істер бөлімі жергіліктіполиция қызметі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы А.Елешова «Балалардың еңбегін пайдаланудың алдын алу» тақырыбындағы лекцияларын оқып, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Аудандық жұмыспен қамту және туризм орталығының директоры С.Қожрақов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің маманы П.Мүсепова, Бақсай ауылдық округінің жетекші маманы Б.Сапиева өз салалары бойынша түсінік беріп отырды.

Б.СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT