Кәсіби спорт – табыс пен дамудың жаңа көзі

Қазіргі жаһандану дәуірінде спорт тек денсаулықты нығайтатын немесе жарыс алаңы ғана емес, ол экономиканың маңызды саласына айналып отыр. Көптеген елдер спортты стратегиялық бағыт ретінде дамытып, одан тұрақты табыс пен халықаралық бедел қалыптастыруда.

Кәсіби спортты табыс әкелетін бизнес-индустрия ретінде қарастыру – заман талабы. Себебі спорт арқылы жұмыс орындары ашылады, инфрақұрылым дамиды, туризм жанданады және инвестиция тартылады. Сонымен қатар медиа, жарнама, маркетинг салалары да спортпен тығыз байланыста дамиды. Егер спорт дұрыс басқарылып, заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдер енгізілсе, ол мемлекет экономикасына елеулі үлес қоса алады. Бұл ретте спортшыларды даярлау, клубтарды басқару және спорттық менеджментті кәсіби деңгейге көтеру аса маңызды.

Спортты тек әлеуметтік сала емес, толыққанды бизнес-индустрия ретінде дамыту – елдің экономикалық және имидждік өсуіне жол ашады. Дұрыс жоспарланған спорт саясаты халықтың денсаулығын жақсартып қана қоймай, мемлекетке тұрақты табыс пен жаңа мүмкіндіктер әкеледі. Сондықтан кәсіби спортқа заманауи көзқараспен қарап, оны тиімді басқару – болашақтың кепілі.

 

Г.СӘДУАҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT