Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында кәсіби спортты дамытудың жаңа қырын атап өтті.
Қазіргі уақытта спорт тек жарыс немесе денсаулықты нығайтудың құралы ғана емес, сонымен қатар ел экономикасына үлес қосатын ірі бизнес-индустрия ретінде қарастырылуы қажет.
Бұл бағытта спорт инфрақұрылымын жаңарту, спортшылардың әлеуетін көтеру және жеке секторды тарту – маңызды міндеттердің бірі.
Спортты табысты салаға айналдыру ел имиджін көтеріп қана қоймай, жастарды еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелейді. Сол себепті бұл бастама ел болашағы үшін өте өзекті деп санаймын.
Ф.Садуакасов,
Махамбет ауданы

