Көші-қон заңнамасын бұзған өзбекстандық елден шығарылды

Сотпен Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарылды

Сотпен Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарылды, деп хабарлайды zh-shugylasy.kz

Махамбет аудандық соты Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің көші-қон заңнамасын бұзуы бойынша әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылдың наурыз айында жеке мақсатпен келіп, 31 наурызға дейін уақытша тіркелген. Алайда шетел азаматы бола тұра, көші-қон заңнамасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін, яғни үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарған.

Сот отырысына «WhatsApp» желісі арқылы байланысқа шыққан А. өзінің кінәсін мойындап, енді қайталамайтыны туралы жауап береді.

Сот қаулысымен А. кінәлі деп танылып, оған Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі жаза қолданылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT