Конституция – мемлекеттің ғана емес, қоғамның рухани және тәрбиелік іргетасы. Мектеп мұғалімі ретінде мен үшін Конституцияның басты құндылығы – онда адам құқығы, білім алу еркіндігі мен заң үстемдігі нақты айқындалғаны. Бұл қағидалар жас ұрпақтың бойына әділдік, жауапкершілік, отансүйгіштік қасиеттерін сіңіруге жол ашады. Сабақ барысында оқушыларға Конституция нормаларын түсіндіру арқылы біз оларды заңды құрметтеуге, өз құқығы мен міндетін білуге үйретеміз. Құқықтық сауатты, саналы ұрпақ – ел болашағының кепілі. Сондықтан Конституция талаптарын білім беру ісімен тығыз байланыстыра отырып, оны күнделікті өмірде қолдана білуге баулу – әрбір ұстаздың маңызды міндеті деп білемін.
Тасмағамбетова Гүлфайруз,
мектеп мұғалімі.


